Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Есеп комитетінің төрайымы президенттің зейнетақы жинағын пайдалану туралы тапсырмасына түсінік берді

Есеп комитетінің төрайымы президенттің зейнетақы жинағын пайдалану туралы тапсырмасына түсінік берді

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мемлекет басшысының тұрғын үй немесе білім алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы тапсырмаларына түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл қоғамның сұранысы, оның бүгін президенттің аузынан айтқаны өте қуанышты. Талдау нәтижелері жарияланып, көпшілікке жария болады деп ойлаймын. Мемлекет басшысы тиісті тапсырма берді, сондықтан нәтижесін күтеміз», - деді Наталья Годунова.

Оның айтуынша, бұл шара бюджетке әсер етпейді.

«Бұл болашақ зейнеткерлер ретінде біздің болашағымызға әсер етеді. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге немесе білім алуға жұмсау мүмкіндігі туралы сөз болды. Мәселені пысықтау туралы нұсқау берілді. Менің ойымша, біз осы талдаудың нәтижелерін күтіп, әрі қарай талқылауымыз керек», - деді ол.

Еске салайық, мемлекет басшысы қазақстандықтардың зейнетақыларының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

«Қазір жұмыс істейтін адам зейнетақы жинақтарын зейнеткерлікке шыққаннан кейін ғана пайдалана алады, бірақ адамдардың бұл қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдаланғысы келетіндігі түсінікті. Сондықтан мен үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін, мысалы, үй сатып алу немесе білім алу үшін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді президент парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында сөйлеген сөзінде.
02 қыркүйек 2019 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (8724)

20 қыркүйек 2019 ж.

№72 (8723)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам