ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР МЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ
Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен аудандағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша отырыс өтті.
Аудан басшысы кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар проблемасы қазіргі уақытта қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Өз жолдауында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуді тапсырып, жасөспірімдер арасындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруды міндеттеді.
«Дені сау, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру баршамыздың ортақ міндетіміз. Баланың теріс іс-әрекетіне тек полиция немесе білім ұйымдары емес, ата-ана, бүкіл қоғам жауапты», - деді аудан әкімі.
Жиында балалар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және білім беру мен балалардың құқығының сақталуы туралы мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде қаралған мәселеге байланысты аудан әкімі бірқатар тапсырмалар берілді.
Шиелі аудандық полиция бөліміне құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейтіп, қылмыстарға аса көңіл бөліп, оларды саралау арқылы нақты әрі заңға сәйкес шешімдер қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, кафелер мен мейрамханалар орналасқан жерлерде жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелерімен бірлескен рейдтер ұйымдастыру, өндірістегі қылмыстық істермен жан-жақты, толық және объективті тергеп-тексеру жүргізілуіне үнемі ведомстволық бақылау жүргізу қажеттігін жеткізді.
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергеновке жүктелді.