Арктикада 56-45 миллион жыл бұрын тропикалық климат болған

- Ғалымдар Арктикада эоценде (56-45 миллион жыл бұрын) күрт салқындаған тропикалық климат болған деген қорытындыға келді. Бұл жұмыс бүкіл Жер климатының тарихын түсіну үшін маңызды, - делінген хабарламада. Жұмыс авторлары Солтүстік полюс маңында эоцен дәуіріне жататын маржан рифтеріне ұқсас әртүрлі пішіндегі карбонатты құрылымдарды ашты. Бүгінде мұндай құрылымдар экваторлық және тропиктік аймақтарда кездеседі. Авторлардың айтуынша, Арктикадағы тропикалық климат кезеңі тез басталып, тез аяқталды.
- Зерттеу нәтижелері бойынша соңғы 56 миллион жылдағы Арктикада кенеттен болған климаттық өзгерістерді зерттеу үшін арнайы жаңа халықаралық ғылыми жоба құру ұсынылып отыр, - деп атап өтті Мәскеу мемлекеттік университеті геология факультетінің профессоры Анатолий Никишин.