Әлемдегі ең ірі айсберг Атлантикаға жақындап келеді
А68 атына ие болған айсберг шельф мұздығынан 2017 жылы маусымда бөлінді. Бір жыл бойы ол бір орында тұрып, мүлде жүзген жоқ.
Қазіргі таңда ол солтүстік-шығыс бағытында қозғалып, мұхиттағы тұрақты теңіз мұзының жиегіне дейін жетті. Ол мұздықтан бөлінгенде айсбергтің аумағы 6 мың шаршы метрді құраған және соңғы екі жарым жылда сәл ғана кішірейді.
"Айсберг ұзындығы мен қалыңдығының ара қатынасы бойынша A4 форматты қағаздың бес бетіне ұқсас, сондықтан мен мұхит толқындарының А68 айсбергін сынған мұзға айналдырмағанына таң қалдым. Ол тұрақты теңіз мұзының шетінен шыққаннан кейін аман қалса, мен расымен қатты таңғаламын", - дейді Британиядағы Суонси университетінің профессоры Адриан Лакман.
Айсберг солтүстікке ығысып, оңтүстік Атлантиканың салыстырмалы жылы суларына кіреді. Ғалымдар бұл бағытты "айсбергтер аллеясы" деп атайды.
"Жаңа айсберг мұздықтан ажырағаннан кейін бірнеше бөлікке бөлінеді деп болжап отырмын", - дейді профессор Лакман.
Өзге ірі айсберг Шығыс Антарктидада, Брант мұзды шельфының шетінде қалыптасады.
Оның аумағы, 1500 шаршы метрді құрайды, ал ол шамамен Үлкен Лондонның аумағымен бірдей.
Бұл болашақ айсберг үлкен назар аудартты. Себебі ол үшін Галлей атындағы британиялық зерттеу станциясын жаңа орынға жылжытуға тура келді. Ол үлкен сызаттың ұзындығы 10 км-ден кем болатын мұз бөлігіне жеткеннен кейін тесіледі.
Мұның қашан болатыны әзірге белгісіз.
"Сызат баяу кеңейіп, өсіп келеді, ал болашақта ажырайтын бөлік айтарлықтай қозғалмайды", - деп жауап берді Лакман.