Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданында «Ел қорғаны Жанқожа» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтуде

Арал ауданында «Ел қорғаны Жанқожа» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтуде

Арал ауданында «Ғасырлар тоғысындағы дарабоздар» шарасы аясында Ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі  Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына  250 жыл толу мерейтойына арналған «Ел қорғаны Жанқожа» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтуде.
Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Кәрібаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филилогия факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.Қосанов, журналист, филология ғылымдарының кандидаты Н.Көбегенұлы, тарихшы-өлкетанушы Б.Қуатов, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары қатысуда.
Ғылыми-танымдық шараны облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы ашты. Сонымен қатар «Қазақ тарихындағы батырлар институты және Жанқожа батыр» тақырыбында Берекет Бақытжанұлы, «Жанқожа батыр» жырының нұсқалары туралы» Серікбай Қылышбайұлы, «Бекмырза – Жанқожа батыр серігі» тақырыбында баяндама жасаса, «Жанқожа батыр туралы тарихи өлең жырлардың жаңғырығы және өміршеңдігі» жөнінде Нұрлан Көбегенұлы сөз қозғайды.
 
08 қараша 2024 ж. 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31