ДАРХАН ДАЛАНЫҢ ДАҢҚТЫ ДИҚАНЫ
Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында егін шаруашылығының даңқты шебері, күрішші Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев» атты республикалық ғылыми-танымдық онлайн конференциясы өтті. Конференцияға аудан әкімі Н.Мақұлбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы, ардагерлер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, ZOOM платформасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары қатысып, даңғайыр диқан туралы өз ойларымен бөлісті.
Күріштің бабын тауып, баласындай мәпелеп, дүниежүзілік рекорд жасаған диқан Ыбырай Жақаев есімі қазақ жеріне ғана емес, күллі әлемге танымал. Оның «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген қанатты сөздері халық арасында ұранға айналды. 50 жыл бойы күріш өсірумен айналысқан ол 1947 жылы әлемде бірінші болып гектарынан 171 центнер күріш дақылын алып, келесі жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Ал, ол атаққа ие болу өте ауыр жүктеме. Алайда, Ы.Жақаев еңбектің ең қиын сатыларынан өтті. Мұны оның 90 жылдық өмірі мен жұмысының нәтижелері дәлелдейді. Осындай еңбек адамының арқасында Қызылорда облысы бүгінде жоғары деңгейге көтерілді. Қарапайым күрішші өз бақытын осылай еңбектен тапқан еді. Ы.Жақаев бұл жетістіктерімен тоқтап қалған жоқ, көптеген ізбасарлар тәрбиеледі, Жақаевшылар қозғалысы елімізде кеңінен етек алды.

Конференция барысында ақ күріштен тау тұрғызған Ы.Жақаевтың бір топ ізбасарлары баяндама жасады. Атап айтсақ, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі Қ.Бәкірұлы «Күріш сорттары және оның тұқым шаруашылығы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы И.Таутенов «Күріш шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды қолданудың өзекті мәселелері», Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының доценті С.Өмірзақов «Күріш дақылын өсіруде Жақаев атамыздың тәлімдері», Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі А.Рау «Возделывание риса в Кызылординской области по технологии Ы.Жахаева» атты баяндамаларымен бөлісті.
Сонымен бірге, «Ақмая» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Д.Жұмбеков күріш өсіру технологиясы жөнінде өзінің тәжірибесімен, ал ардагер, Ы.Жақаевтың ұлы С.Жақаев даңғайыр диқанның ерен еңбегін тағы бір мәрте еске алып, естеліктерін айтып өтті. Қорытынды сөзді аудан әкімі Н.Әскербекұлы алып, жыл басынан бері даңқты диқаншының құрметіне өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып, қазан айының 30 жұлдызында аудан деңгейінде Ы.Жақаевтың 130 жылдығына орай үлкен іс-шараның өтетіндігін хабарлап, ғылыми-танымдық онлайн конференцияға қатысқан зиялы қауым өкілдеріне алғыс білдірді.
Нұрай ҚАЛЫШБЕКОВА