Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сусынға салынатын салықтың салмағы

Сусынға салынатын салықтың салмағы

Сусынға салынатын салықтың салмағыДүниежүзілік банк (ДБ) бағалауынша, елімізде құрамында қанты бар тәтті сусындарды тұтыну көрсеткіші 50%-ға артқан. Салдарынан балалар семіздік пен артық салмақ ауруына көбірек душар бола бастады. Таяуда Денсаулық сақтау министрлігі қант тұтынуды төмендету, денсаулықты жақсарту, мемлекеттік кірісті ұлғайтуды мақсат тұтқан қант қосылған сусындарға салық салуды ұсынды. Болжам бойынша, салық қантты сусындар сатылымын 16%-ға қысқартып, бөтелкедегі су сатылымын 41%-ға көбейтеді. Түсетін салық ішкі жалпы өнімнің 0,25%-ына дейін артады. Мұндай түсім денсаулыққа да, қаржылық орнықтылыққа да оң әсер етеді. 
2018-2023 жылдар аралығында қант­ты сусындар сатылымы жан басына шақ­қанда 50%-ға өскен. Тұтынушылар – негі­зінен жастар, оның тең жартысы – мектеп жасындағы балалар. Бұл – жалғыз біздегі емес, әлем елдері бетпе-бет келіп отырған жайсыз үрдіс. Сондықтан әлемнің 121 елі қантты сусындарға қатысты салық ен­гізген, соның ішінде 106 ел ұлттық дең­гейде қабылдаған.
«Мұндай салықтар әлдеқайда салауатты таңдау жасауға итермелейді. Нә­ти­жесінде, салық түсімі артады, ондай қаражатты ел дамуының маңыз­ды бағыт­та­рына жұмсауға болады. Бас­тапқыда ел Үкімет мұндай салық бизнеске қалай әсер етер екен деп алаң­дау­шы­лық танытты. Бірақ бұлай қорқуға негіз жоқ екен. Қантты сусын өндірушілер сусындардың басқа да балама түрлерін шығарады, мәселен диеталық сусындар және жай су. Сөйтіп, тұтынушылар шөл басу мақсатында басқа өнімдерге назар аудара бастайды. Әрине, олар бірінші кезекте көп шығындалмауды ойлаудан басталады. Басқа елдер секілді елімізде шешімтал қадамға барып, қантты сусындарға қатысты ойластырылған салық енгізе алады. Қазір мұндай сусындар жай судан 13%-ға арзан. Жаңа салық бұл үрдісті бұза алады. Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы литріне 100 теңге мөлшерінде салық енгізу туралы және екі жыл бойына салықты литріне 180 теңгеге дейін өсіру туралы ұсыныс дайындады. Бұл орта есеппен алғанда қантты сусындар бағасының шамамен 22%-ы», деп мәлімдейді Дүниежүзілік банк.
Олардың бағалауынша, салық өнім­нің құнына қарап емес, сусындағы қант құрамына қарап есептелуге тиіс. Басқа елдерде жаңа салық сусындағы қант мөлшерін азайтуға көмектескен. Екін­шіден, ДБ мамандары салық мөл­шер­ле­месі бөлшек бағаның 20%-ынан кем болмауға тиіс деп санайды. «Қантты сусындарға салық салу туралы ұсыныс Қазақстанның халық денсаулығын нығайту жолында қол­данып отырған алғашқы әрекеті емес. 2012-2022 жылдар аралығында темекіге акциз 352%-ға өсті. Сол кезеңде 100 мың адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 25%-ға азайды. Дегенмен темекі бағасы әлі де төмен қалып отыр. Қазақстандағы темекі бағасы – Орталық Азия мен Еуропа өңірінде баға төмендігі бойынша 5-орында. Қазір реформаны бастау үшін өте қолайлы уақыт туып тұр. Салық кодексін қайта қарау қантты сусындарға салық енгізуге және табак пен алкогольге салынған салықты қайта қарауға тамаша мүмкіндік бар. Дүниежүзілік банктің жаһандық салық бағдарламасы мен «Денсаулыққа зиянды өнімдерге арналған салық» жобасы Қазақстан сияқты елдерге көмектесуге бағыт­талған. Олар нәтижесінде денсаулықты жақсартуға жол ашатын тиімді салық әзірлеп, сонымен қатар бюджеттік орнық­­тылыққа қолдау білдіреді», делі­неді ДБ мәлімдемесінде.
Сурет: ru.freepik.com
31 қазан 2024 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930