Отан қорғаушы-2024

Эстафетаға әр оқу тобынан 5 білім алушыдан қатысты.
1. Саптық шеру
2. Ер балалар арасында белтемірге тартылу (Турник)
3. Тир мылтығымен нысанаға ату
4. Калашников автоматын жартылай бөлшектеу мен жинақтау
5. Газ қағарды уақытқа кию
Сайысқа 5 оқу топтары қатысып жүлделі
1 орынды «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы
2 орынды №61 және №62 құрама оқу топтары
3 орынды №66 «Құтқарушы» оқу топтары иеленіп бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
«Белтемірге тартылу (Турник)»
«Калашников автоматын жартылай бөлшектеу мен жинақтау»
«Тир мылтығымен нысанаға ату» сайыстары бойынша үздік көрсеткіш өрнегін көрсеткен жастар бағалы сыйлықтармен және номинацияларымен марапатталды. Іс-шараға Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б. Дайрақұлов, "Шиелі аудандық Тәжік – Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ф. Жұмабаев, Тәжік – Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері Б. Абуов және Т. Аширбеков қатысты.