Қазақстан Әзербайжанға астық экспортын арттырады

Кездесуден кейін тараптар бірлесе бақыланатын кәсіпорын – «Баку астық терминалы» ЖШС-ға барды. Онда NB Holding басшылығымен қол жеткізілген келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыру жоспарлары сөз етілді. Бірлескен іс-шаралар жоспарына кәсіпорынды астықпен үздіксіз қамтамасыз ету, жоғары сапалы ұн өнімдерін шығару және ұнды көршілес нарықтарға сату кіреді.
«Қараша айының соңына дейін қазақстандық тарап Баку астық терминалының диірмен кешеніне өңдеуге жоғары санатты бидайдың 6 мың тонна бастапқы партиясын жіберуді көздеп отыр. Алдағы уақытта Таяу Шығыс елдеріне ай сайын 3 мың тоннаға жуық ұн жөнелту жоспарланған», – деді Нұрлан Ерқожаұлы. Айта кетейік, «Баку астық терминалы» кәсіпорны өзінің диірмен кешенінде ұн өндіретін әмбебап астық терминалы. Осыған дейін елімізде көктемгі тасқынға қарамастан 26 миллион тоннадан астам астық жиналғанын хабарлаған едік.