Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Әзербайжан еліне 124 млн долларға өнім экспорттаған

Қазақстан Әзербайжан еліне 124 млн долларға өнім экспорттаған

ÒазаÒÑÑан ÓзеÑбайжан елÑне 124 млн доллаÑÒа өнÑм ÑкÑпоÑÑÑаÒан
Қазақстан мен Әзербайжанның экономикалық ынтымақтастығы нығайып, елдер арасындағы сауда-саттық артуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, биыл алғашқы жартыжылдықта қазақстандық астық экспорты үш есе өскен. Бірінші жартыжылдықта Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда көлемі артты. Мемлекеттік кеден комитетінің мәліметі бойынша, 6 айдың ішінде елдер арасындағы тауар айналымы өткен жылға қарағанда 16% өсіп, 136 млн долларды құрады. Қазақстан Әзербайжан еліне 124 млн долларға өнім экспорттады. Бұл дегеніміз бұған дейінгі көрсеткіштен 33 пайызға көбірек. Соған орай, еліміз Әзербайжанның 15 ірі импорттаушыларының қатарына кірді.

Фирдовси Фикретзаде, аграрлық зерттеулер орталығының директоры:

– 6 ай ішінде Қазақстаннан 60 млн долларды құрайтын ауылшаруашылық өнімдері импортталды. Оның 57 млн доллары бидайға тиесілі. Қалған бөлігіне басқа да дәнді дақылдар сатып алынды. Әзербайжанның Ауылшаруашылық министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, осы кезең аралығында қазақстандық астық импорты үш есеге өскен. Бұған бірыңғай кедендік тарифтер себепші болған.

Вугар Байрамов, экономист:

– 2018 жылдан бастап екі ел арасындағы сауда қатынастар қарқынды дамып келеді. Бұған бірыңғай кедендік тарифтердің өсуі де сеп болды. Сондықтан кәсіпкерлердің қызығушылығы арта түсуде.

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық бидай өнімдерінің сапасы жоғары болғандықтан, бәсекеге қабілетті болып қала береді.Сондықтан Әзербайжан нарығында қызығушылық артып келеді.

24.kz
27 шілде 2019 ж. 1 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031