Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АЛТЫН КҮЗ - 2024» МЕРЕКЕСІ ГАЛА-КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«АЛТЫН КҮЗ - 2024» МЕРЕКЕСІ ГАЛА-КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Шиелі ауданының «Алтын күз - 2024» пісімшілік тойына орай ұйымдастырылған шаралар орталық стадионда гала-концертпен түйінделді.

Мерекелік кешке аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, заңгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ақайдар Ысымұлы, жазушы-журналист Әлібек Асылбайұлы, жазушы, журналист, ауданның «Құрметті азаматы» Сәрсенбек Бекмұратұлы қатысып, аудан тұрғындарын мерейтоймен құттықтады.

Шара барысында зиялы қауым өкілдеріне Құрмет грамотасы табысталып, бірқатар саланың қызметкерлері мен ардагерлеріне облыс әкімінің, аудан әкімінің алғыс хаттары және шипажайға жолдама берілді.

Мұнан соң, мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, эстрада жұлдыздары Гүлнұр Оразымбетова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева және Мұхтар Ханзада өнер көрсетіп, кеш жүргізушілері Ғалымжан Кеңшілік, Әйкерім Есенәлі кештің көркін қыздырды. Кеш соңында мерекелік отшашу ұйымдастырылды.

©️Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 қазан 2024 ж. 76 0