Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АЛТЫН КҮЗ – 2024»: МЕРЕЙТОЙҒА ОРАЙ САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«АЛТЫН КҮЗ – 2024»: МЕРЕЙТОЙҒА ОРАЙ САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ


19 қазан күні Шиелі ауданының орталық стадионында ертеректегі «Қызыл Ту», қазіргі Ыбырай Жақаев ауылының 95 жылдық мерейтойы мен Жақаевшылар қозғалысының 60 жылдық мерейтойына және ата басылым «Өскен өңір» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай «Алтын күз - 2024» мерекелік марапаттау шарасы өтті. Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері Сауытбек Абдрахманов, Ақайдар Ысымұлы, Алтыншаш Жағанова, Мұрат Бақтиярұлы, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Серік Дүйсенбаев сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Шараның алғы сөзін алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Шиелі жұртшылығын тоқшылық мерекесімен және қатар тойланып жатқан мерейтойлармен құттықтады. Әрі, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың ыстық ықыласы жазылған құттықтауды табыс етті.  Келесі кезекте, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауданның ауыл шаруашылығы саласында жеткен үлкен жетістіктерге тоқталып, дала еңбеккерлерінің еңбегіне тоқталды.
Мұнан соң, шара марапаттау рәсіміне жалғасып, сала үздіктері түрлі номинациялармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік еңбек адамдарына автокөлік, пәтер кілттері табысталды.

©️Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

19 қазан 2024 ж. 257 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930