Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ өкілдері экстремалды журналистикамен танысады

БАҚ өкілдері экстремалды журналистикамен танысады

Қорғаныс министрлігінің “Әскери дискурс – 2024” оқу-практикалық семинары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Семинарға қатысу үшін Алматы облысындағы 20030 әскери бөліміне Астана, Алматы, Қонаев қалаларының БАҚ өкілдері мен бірқатар блогерлер келді.
4 күндік әскери дискурстың алғашқы күні қатысушыларды бөлімге орналастыру мен ішкі ережелермен таныстыруға арналды. 
Сіздерге экстремалды журналистика бойынша сабақтар өткізіледі. Дайындалған нұсқаушылар геосаяси жағдайды ескеріп, сіздерді қарулы қақтығыс кезіндегі іс-әрекет әдісі туралы ережелермен таныстырады, - деді дискурсқа жауапты полковник Бақыт Сыдықов.
Ол “Әскери дискурс – 2024” барысында назарды неде ұстау керегін түсіндірді.
Біріншісі әрі ең маңыздысы – қауіпсіздік ережелерін сақтау. Өйткені біреулеріңіз жарақат алсаңыздар, біздің міндет орындалмады деген сөз. Екіншісі – барлық істе жинақылық, әрекеттің реттілігі және тәртіп, - деді полковник.
Сондай-ақ семинар қатысушыларына мәдени демалыс ұйымдастырылып, Қонаев қаласындағы ретро автокөліктер көрмесі көрсетілді. Ал алдағы екі күнде олар экстремалды журналистикамен теориялық және практикалық түрде танысады.
15 қазан 2024 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031