Қорғаныс министрі бірнеше гарнизонды аралады
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов өңірде әскери инфрақұрылым нысандарын және алдағы оқу-жаттығуларға дайындық барысын тексерді, деп жазады Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
![Қорғаныс министрі бірнеше гарнизонды аралады](https://egemen.kz/media/2024/02/16/8175a55c-4f80-4633-a18f-796c0204a59f.webp)
Фото: gov.kz
«Қонаев гарнизонының «Жағалау» полигонында Қорғаныс министрі Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының баяндамасын тыңдады. Генерал-майор Алмаз Жұмакеев ҰҚШҰ-ның «Мызғымас бауырластық-2024» Ұжымдық бітімгерлік күштерімен өтетін оқу-жаттығуға дайындық туралы баяндады.
Армия авиациясының тікұшағымен генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Шошқалы» полигонын айналып ұшып өтті.
Министр 65229 әскери бөліміне барып, онда әскери нысандарды аралап, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің авиациялық техникасы мен қару-жарағын ұстау шарттарымен танысты.
Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің филиалында Қорғаныс министрі объектінің көлем құрылымын ұлғайту және экспозициялық залдарды жаңарту мақсатында жүргізіліп жатқан жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Музей бастығы Алуа Байқадамовамен кездесуде генерал-полковник Руслан Жақсылықов жұмыстарды сапалы және уақтылы орындау қажеттігіне назар аударды.
![арасына](https://egemen.kz/media/2024/02/16/cbfd412f-6527-43a4-a276-28d7d383b413.jpeg)
Сапар аясында ведомство басшысы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығына да ат басын тіреп, инфрақұрылымдық нысандарды аралап, ұлттық контингентті БҰҰ-ның Голан жоталарындағы бітімгерлік миссияға жіберуге қатысты бірқатар нұсқау берді», делінген ақпаратта.
Министр Алматы қаласындағы Орталық әскери емхананы аралап, мекеменің емдеу-диагностикалық жабдықтармен, тиісті құралдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етілуімен танысты. Министр бекітілген контингентке сапалы амбулаторлық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қажеттігін айтты.