Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН АБЫРОЙЫН МАРАПАТ БИІГІНДЕ АСҚАҚТАТТЫ

АУДАН АБЫРОЙЫН МАРАПАТ БИІГІНДЕ АСҚАҚТАТТЫ

Сынып жетекші – мектептің жүрегі ғана емес, сонымен қатар тірегі деп те атауға болады. Сыныптың қандай болмағы жетекшінің ұйымдастыру қабілетіне байланысты болғандықтан оған қойылар талап та жоғары. 
Жақында елімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені анықтау, жүйелеу, педагогикалық шеберлікті арттыру, тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелерін, әдістерін, технологияларын анықтау мақсатында республикалық «Үздік сынып жетекші – 2024» байқауы өтті. Облыстық кезеңінде үздік деп танылған жерлесіміз №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Гауһартас Бөртебаева республикада да топ жарып, аудан, облыс абыройын асқақтатты. Екі күнге созылған республикалық байқауға барлық облыстан ең мықты 100 сынып жетекші қатысты. Байқау онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өтті. Редакция ұжымы да ұстазды жеңісімен құттықтайды. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл – қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде биік асуларды бағындыра беріңіз!
«Өскен өңір» ақпарат
09 қазан 2024 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031