БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Қалмырза Қасымов, Сабитхан Досанов, Құттықыз Ыханова, Гүлдана Жақыпова, Біржан Өтебай «Көкшоқы» БПҰ мүшелерімен кездесті.
БПҰ мүшелерімен әңгімелесу барысында штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.
Күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің көпвекторлы саясатының арқасында барлық негізгі жаһандық ойыншылармен тиімді қарым-қатынас құруда. Атом электр станциясын салу туралы шешім барлық ықтимал тәуекелдерді ескере отырып және ел мүддесіне толық сәйкес келетін болады. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл таза энергияға ғана емес, елдің стратегиялық тұрақтылығын арттыруға жасалған қадам.- деп атап өтті штаб мүшесі Қалмырза Қасымов.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.
Кездесуде «Көкшоқы» БПҰ мүшелері референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.