Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Сыр өңірінде аналар қауымымен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Сыр өңірінде аналар қауымымен кездесті

Қызылордада «Анаға тағзым» орталығында өңірдегі аналар қауымымен кездесу өтті. Онда Халықтық штаб мүшелері аналар қауымымен атом энергетикасын дамытудың заманауи әлемдік трендтерін талқылады, елімізде бейбіт атомды дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыс туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Әр қазақстандықтың алдағы референдумға қатысуының маңызы ерекше атап өтілді. Бұл қоғамдағы диалогты нығайтып, азаматтардың саяси мәдениетін арттырады.
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов әр ана баласының денсаулығы мен жарқын болашағына ерекше мән беретінін атап өтті. АЭС – экологиялық тұрғыда ең таза, қауіпсіз энергия көзі. Атом электр станциясының құрылысы көмір өнімдерін пайдалануды едәуір қысқартып, қалалардағы ауа тазалығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, АЭС – болашақ инженерлер, энергетиктер, ядролық физиктер, құрылысшылар және тағы да басқа мамандық иелері үшін лайықты жұмыс әрі кәсіби тұрғыда өрлеу. «Бәріміз мықты да тәуелсіз Қазақстанда, экономикасы дамыған, болашағы жарқын елде өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпақ өсіргіміз келеді. Атом энергетикасы – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін, келешекке бағдарланған қадам. Сондықтан, 6 қазанда атом электр стансасын салуға дауыс бере отырып, біз, ең алдымен, келешек ұрпағымыздың жарқын болашағының негізін қалаймыз», – деді ол.
Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Қазақстанда АЭС салуға қажет ғылыми-техникалық база мен кадрлық әлеует бар екенін айтты. Атап айтқанда, Алматының қақ ортасында қуаты аз реактор 60 жылға жуық табысты жұмыс істеп келеді. Онда 700-ден астам адам еңбек етеді. Медицинадан бастап өнеркәсіпке дейінгі түрлі бағыт бойынша зерттеулер жасалады. Барлық жұмыс МАГАТЭ-ның тікелей бақылаумен жүргізіледі. Мұның бәрі АЭС салу кезінде пайдаланылады.
Өңір аналары АЭС түрлі салада – үйдегі жылу мен экологиядан бастап, бизнесті дамытуға және жаңа кәсіпорындардың пайда болуына дейінгі мультипликативті әсер беретін ауқымды жоба екенін атап өтті. Осыған байланысты, өз елінің дамуын қалайтын әр азамат АЭС-ті қолдауға тиіс. Сондықтан Қызылорда облысындағы аналар қауымы бейбіт атомды қолдап, дауыс беруді деген пікірлдерін білдірді.
22 қыркүйек 2024 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930