Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

Президент Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Давид Дегтяревті екі дүркін Паралимпиада чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді,-деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Давид Дегтярев XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанды.

XVII жазғы Паралимпия ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды.

Жерлесіміз 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Күміс медальді 185 кг көтерген Куба өкілі Рамирез Барриентос Пабло жеңіп алса, қола жүлдені 179 кг нәтижесімен Қытай спортшысы Ян Джинлан иеленді.
05 қыркүйек 2024 ж. 96 0