Құрама қоржыны тағы үш медальмен толықты
Жапонияның бас шаһары – Токиода өтіп жатқан XVI жазғы Паралимпия ойындарының алғашқы аптасы аяқталмай жатып, қазақстандық параспортшылар ел қоржынына төрт жүлде салып үлгерді. Бұл – Қазақстанның Паралимпиада тарихындағы рекордтық нәтиже.
Төрт жылда бір өтетін дүбірлі доданың екінші күнінде пауэрлифтингтен 54 кило салмақта сынға түскен отандасымыз Давид Дегтярев Токио төрінде Әнұранымызды шырқатып, Қазақстан құрамасының жеңісті жолын бастап беріп еді. Кейіннен оның жолын пара дзюдодан Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина жалғастырды. Үшеуі де күміс жүлде еншіледі.
Пара дзюдодан 60 килоға дейінгі салмақта белдескен Әнуар Сариев финалда әзербайжандық Вугар Ширинлимен шеберлік байқасып, қарсыласына жол берді. Сөйтіп ол Қазақстан қоржынына Паралимпиадағы екінші жүлдені салды. Жарысты ширек финалдан бастаған отандасымыз бастапқы белдесуінде моңғолиялық Ядамдорж Сухбаатарды вазари әдісімен жеңсе, жартылай финалда венесуэлалық Маркос Бланконы мерзімінен бұрын ұтып, финалға шыққан болатын. Ал әзербайжандық қарсыласы финалға дейін түркиялық Реджеп Джифтчиден және румыниялық Алекс Бологадан басым түскен болатын. Бұл салмақтың қола жүлдесін әзербайжандық Вугар Ширинлиден ұтылған түркиялық Реджеп Джифтчи мен румыниялық Алекс Болога өзара бөлісті.
Осылайша, Әнуар Сариев Паралимпия ойындары тарихында пара дзюдодан Қазақстан еншісіне алғашқы жүлдені салды.
Сондай-ақ 73 килода бақ сынаған 30 жастағы Теміржан Дәулет финалдық белдесуде өзбек Феруз Саидтан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Ол жарыс барысында әзербайжандық Газимов Рамилді, ширек финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері германиялық Хоркас Николайды, ал жартылай финалда грузиялық Калдани Джорджиді тізе бүктірді. Бірақ финалда өзбек спортшысына шамасы жетпеді. Бұл салмақтың қола жүлдесі украиналық Руфат Могомедов пен литвалық Освальдас Бареикиске бұйырды.
Үшінші күмісті ел қоржынына Зарина Байбатина салды. 70 килодан жоғары салмақта алтын жүлде үшін белдескен ол финалда әзербайжандық Дурсадаф Каримовадан жеңіліп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Өкінішке қарай, пауэрлифтингтен 2016 жылғы Рио Паралимпиадасының және 2018 жылы Джакартадағы Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева жүлделі орынға сынық сүйем қалғанда сүрінді. Әйелдер арасында 67 кило салмаққа дейін бақ сынаған отандасымыз бұл жолы төртінші орыннан көрінді. Сегіз атлет өнер көрсеткен сында отандасымыз әуелі 106 килоны сәтті еңсерген. Алайда екінші мүмкіндігінде 112 кило зілтемірді бағындыра алмады. Ал соңғы мүмкіндігінде дәл сол салмақты көтергенімен, бұл нәтиже жүлдегерлер қатарынан көрінуіне жеткіліксіз болды. Ол осыдан бес жыл бұрынғы Паралимпиадада алғаш 108 килоны, кейіннен 113 килоны еңсеріп, күміс жүлдегер атанған болатын. Бұл салмақта Рио Паралимпиадасының чемпионы қытайлық Тань Юйцзяо топ жарып, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ ол Джакартада да жеңіс тұғырынан көрінген еді. Күміс жүлде мысырлық Фатма Омарға бұйырса, қола жүлде нигериялық Олайтан Ибраимның еншісінде кетті.
Сонымен қатар 50 метрге баттерфляй әдісімен суда жүзуден ерлер арасындағы S5 санатындағы жарыстың финалында бақ сынаған қазақстандық спортшы Сиязбек Далиев 8 спортшының арасында 5-орынға тұрақтады. Ол аталған қашықтықты 35.27 секунд ішінде жүзіп өтті. Отандасымыз іріктеу кезеңінде бұл қашықтықты 35.73 секундта бағындырып, финалға жолдама алған еді.
Жеңіл атлетикадан T35 санатында 100 метр қашықтықта жарысқа түскен тағы бір отандасымыз Салтанат Әбілқасымқызы іріктеу кезеңінде тоғызыншы орынға тұрақтап, финалға шыққан спортшылардың қатарына іліге алмады. Ол 100 метр қашықтықты 16,54 секундта жүгіріп өтіп, өз тобында төртінші нәтиже көрсеткен еді.
Осылайша, жерлестеріміз Паралимпия ойындарының бесінші күнінде 1 алтын, 3 күміспен Паралимпиада тарихындағы ең үздік көрсеткішін (Рио Паралимпиадасында 1 алтын, 1 күміс) жаңартты. Дүбірлі доданың аяқталуына әлі бір апта бар.
https://egemen.kz