Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Токиодағы Паралимпиада ойындары: Үш спортшымыз финалға шықты

Токиодағы Паралимпиада ойындары: Үш спортшымыз финалға шықты

Токиодағы Паралимпиадалық ойындарда қазақстандық үш спортшы финалға жолдама алды. Бүгін Токиодағы Паралимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, 3 спортшы финалға жолдама алды.

Ұлттық Паралимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес қазақстандық Сиязбек Далиев Паралимпиада ойындарында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында финалға шықты. Далиев іріктеу сынында 35.75 секунд нәтижесін көрсетіп, финалға жолдама алды. 31 жастағы спортшы жалпы есепте төртінші орын алды. Сонымен қатар қазақстандық пара жүзуші Алия Рахимбекова 100 метрге шалқалап жүзуден Паралимпиада ойындарының финалына жолдама алды.
Ал отандасымыз, пара дзюдошы Әнуар Сариев ширек финалда Монғолияның спортшысын жеңіп, жартылай финалда Венесуэлла дзюдошысымен кездесті. Нәтижесінде спортшымыз финалға жолдама алды. Одан бөлек, Жеңіл атлетикадан 27 тамыз күні әйелдер арасында 100 м қашықтыққа жүгіру бойынша іріктеу кезеңінде Салтанат Әбілхасымқызы тиісті қашықтықты 16.54 уақытта бағындырды. Салтанат жалпы есептік көрсеткіш бойынша тоғызыншы болып жарысты аяқтады.

https://baq.kz
27 тамыз 2021 ж. 582 0

Қоғам

БАҒДӘУЛЕТТІҢ БӘСІ БИІК

08 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930