Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция бастығы мектепке барды

Полиция бастығы мектепке барды

Полиция бастығы мектепке бардыБатыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев Білім күні Орал қаласындағы №1 орта мектептің алғашқы қоңырау салтанатына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. Мектеп ұжымын, шәкірттерді жаңа оқу жылымен құттықтаған департамент басшысы оқушыларға сәттілік тілей отырып, құқық бұзушылықтарға жол бермей, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
- «Оқушылар арасында жәбірлеу-буллинг деген проблема бар. Бұл әр түрлі сипатта болады, оның салдары суицидке әкелуі мүмкін. 12-ден 16 жасқа дейінгі балалар буллинг жасаса, оның заңды өкілі әкімшілік жауапқа тартылады. Ал 16-дан 18 жасқа дейінгі балалар жасаса, өздері жауапқа тартылады. Мұндай әрекетке жол бермеңіздер. Үлкендер, кішілерді қорғап жүріңдер. Мектеп әкімшілігінен осы мәселені бақылауға алуды сұраймын, - деді Арман Оразалиев.
Полиция бастығы түрлі интернет желісінде кәмелетке толмағандарды есірткі таратуға шақырған хабарландыру көбейгенін айтып, ата-аналарға баланың әлеуметтік желідегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап отыруын сұрады. «Мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап көзделген, сот практикасы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір біз «Орал – есірткісіз қала» деп аталатын жаңа жоба бойынша жұмыс бастадық. Бұл жұмысқа барлық мүдделі ұйымдарды жұмылдырдық. Балалар, әсіресе жоғары сынып оқушылары, құмар ойынға әуес болмаңыздар!» деді полиция бастығы.
Полиция полковнигі өз сөзінде скутер басқару бойынша заңның күшіне енгенін айтып, осы көлік түрін қолдануда жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Бала қауіпсіздігі әрқашан полицияның басты назарында. 1 қыркүйек – Білім күні полиция қызметі күшейтілген кестеге көштіп. Батыс Қазақстан облысында барлық оқу ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 539 қызметкер және 120 автокөлік жұмылған.
Батыс Қазақстан облысы
 
01 қыркүйек 2024 ж. 135 0