Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаныс министрлігі 5 өңірдің тұрғындарына маңызды ескерту жасады

Қорғаныс министрлігі 5 өңірдің тұрғындарына маңызды ескерту жасады

Қорғаныс министрлігі 5 өңірдің тұрғындарына маңызды ескерту жасадыМинистрлік Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында әскери техника жүріп өтетінін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 2024 жылғы 2-13 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» оқу полигоны базасында «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлап жатыр.  
«Жауынгерлік дайындық іс-шаралары Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының аумағы бойынша күштер мен құралдардың қозғалысымен ұштасады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында биылғы жылдың 26 тамызынан бастап бөлімшелер аралас тәсілмен, яғни теміржол және автокөлік жолымен марш жасайды. Содан кейін тұрақты орналасу пунктеріне де солай оралады», - делінген хабарламада.  
Көрсетілген уақыт кезеңінде еліміздің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты ел тұрғындарынан таратылатын қауесетке көңіл аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.
28 тамыз 2024 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930