Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күні енгізілді

Жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күні енгізілді

Қорғаныс министрінің осы жылғы 2 ақпандағы бұйрығымен ҚР Қарулы күштерінің кәсіби мерекелері тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді, ол тамыз айының 14-і атап өтіледі.

Жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күні енгізілді
Фото: gov.kz

Ведомство мәліметінше, армияның жауынгерлік әлеуетін нығайту ісіндегі аталған қызмет бағытының маңыздылығын ескере отырып, 1992 жылғы 14 тамызда Қорғаныс министрінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы лауазымы бекітіліп, оған генерал-майор Юрий Құрматов тағайындалған еді. 
Жауынгерлік даярлық үдерісін орталықтандырып басқару – әскерлердің жауынгерлік жоғары деңгейде машықтанудың және олардың жауынгерлік әзірлігін арттырудың міндетті ережесі. 
Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық органдарының командирлері мен мамандарының күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында оқу процестері үнемі жетілдіріліп отырады, өткізілетін іс-шаралардың қарқындылығы мен ауқымы артып келеді. Олардың барлығы әскерлерді ұрысқа қажет нәрсеге үйрету қағидатына бағынады. 
24 ақпан 2024 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031