Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жалған ақпарат таратпаңыздар". Қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатыны ескертілді

"Жалған ақпарат таратпаңыздар". Қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатыны ескертілді

"Жалған ақпарат таратпаңыздар". Қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатыны ескертілдіҚорғаныс министрлігі қазақстандықтарға әскери техника тасымалданатынын, соған орай жалған ақпаратқа сенбеу керегін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтеді.


 "Жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңіріндегі полигондарға жеткізіледі. Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды", - деп жазылған хабарламада. Бөлімдердің белгіленген мерзімдегі мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ, командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатыны айтылды. 

"Әлеуметтік желілерді қолданушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

01 маусым 2024 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930