Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қаласында есірткіні жарнамалайтын граффити жазу өшірілді

Қызылорда қаласында есірткіні жарнамалайтын граффити жазу өшірілді

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері, прокуратура өкілдері мен еріктілер есірткіні жарнамалайтын граффити жазуды өшірді.
Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен өткізілген ауқымды акцияның мақсаты – жасөспірімдерді нашақорлыққа тартудың алдын алу. Шараға 50-ден астам ерікті қатысты. Рейдке қатысушылар трафареттерді, қала ғимараттарының, үйлердің, гараждардың сыртқы қабырғаларында есірткінің таралуын насихаттайтын сайттарды жарнамалайтын граффитилерді бояды.  Сонымен қатар, құқыққа қайшы мазмұнды анықтау үшін QR – кодтарды тексеру жүргізілді. Облыс орталығындағы 13 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен де осындай алдын алу шаралары жүргізілді. Қаланын орталық көшелері бұрыннан бері осындай жазулардан тазартылған. Қазір бұл «мекенжайларды» тек гараж кооперативтерінен, бейнебақылау жоқ тұйық жерлерден ғана табуға болады.  
Екі күнде құқық қорғау органдары мен еріктілер 30-дан астам граффитиді бояды. Қала тұрғындарына ақпараттық брошюралар таратылды.
– Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері граффити жазуларды бояу бойынша 10-нан астам акция өткізді. Полицейлер аймақ тұрғындарын азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін есірткі таратудан аулақ болуға және белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады. Егер сіз осындай жағдайлардың куәгері болсаңыз, 8 (7242) 27-55-42 немесе 102 «жедел желі» телефонына хабарласуыңызды сұраймыз, анонимділікке кепілдік беріледі,- деді Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Ардақ Дөненов.

27 тамыз 2024 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031