Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарақалпақстандағы киіз үй Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қарақалпақстандағы киіз үй Гиннестің рекордтар кітабына енді

KAZINFORM – Жақында Өзбекстан президенті кәсіпкерлермен диалог өткізген Нүкіс қаласындағы «Оқ куш» кешеніндегі киіз үй әлемдегі ең үлкен киіз үй ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Құрылымның диаметрі 40,5 метрді құрайды.
Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласындағы «Оқ куш» кешенінде салынған киіз үй қозғалмайтын киіз үй ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.
22 тамызда Гиннестің рекордтар кітабы өкілдерінің сертификат табыстау рәсімі өтті. Оған Қарақалпақстан Жоқарғы Кеңесінің төрағасы Аманбай Орынбаев, Қарақалпақстан Президентінің Арал өңірін тұрақты дамыту жөніндегі кеңесшісі Тұрсынхан Худайбергенов және басқалар қатысты. Биіктігі 22 метрлік құрылысты «Orol Agro» компаниясы тұрғызған. 20 тамызда осы киіз үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен кәсіпкерлердің жыл сайынғы диалогы өтті. Мұнда түрлі мәдени шаралар мен форумдар өткізу жоспарланған.
 
25 тамыз 2024 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031