Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та бойы ең ұзын жігіт қайтыс болды

АҚШ-та бойы ең ұзын жігіт қайтыс болды

2010 жылы АҚШ-тың бойы ең ұзын тұрғыны ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Игорь Вовковинский 38 жасында жүрек ауруынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com-ға cілтеме жасап. Бірнеше күн бұрын актердің анасы ұлының қазасы туралы Facebook-те жазды. Вовковинскийдің бойы 235 см болған. 1989 жылы оның отбасы баланы рактан емдеу үшін Украинанадан АҚШ-қа көшіп келген. Вовковинский АҚШ президенті қызметін атқарған Барак Обаманың сөз сөйлеуі кезінде «Обаманың әлемдегі ең үлкен жақтасы» футболкасын киіп жүргенде ерекше танымал болған. 2013 жылы «Евровидение» ән байқауының жанкүйерлері Вовковинский сахнаға әнші Злата Огневичті көтеріп алып шыққаны есінде қалды. Бүгінде әлемдегі бойы ең биік адам – түрік шаруасы Сұлтан Көсен, оның бойы 251 см.

https://www.inform.kz​​​
25 тамыз 2021 ж. 754 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728