Ұлы дала»: «AMANAT» партиясының дәстүрлі байқауы бастау алды

II орын – 750 000 теңге
III орын – 500 000 теңге.
Арнайы жүлде жеңімпаздарына 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталады.
Қатысушыларға қойылатын барлық талап пен байқау шарты белгіленген ереже мәтіні бүгін БАҚ-тарда, партияның ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады. Шығармалар 1 тамыздан 30 қазанға дейін қабылданады. Ережеге сай еліміздің барлық өңіріндегі партияның аймақтық филиалдарында ұйымдастыру комитеттері құрылды. Әрбір аймақтық ұйымдастыру комитеттерінде байқауға қатысушылардан шығармаларды қабылдап алатын арнайы электронды мекенжайлар ашылды. Осыған орай, келіп түскен шығармаларды аймақтардағы ұйымдастыру комитеттері ереженің талаптарына сәйкес тексеріп, партияның Орталық аппаратында құрылған Республикалық ұйымдастыру комитетіне жолдайды. Өз кезегінде аймақтардан келіп түскен шығармаларды Республикалық ұйымдастыру комитеті тексерістен өткізіп, арнайы бүркеншік есіммен aikyn.kz сайтынан ашылған «Ұлы дала» байқауы айдарында күнделікті жариялап отырады. Қызығушылық танытқан кез келген оқырман шығармалармен сол жерден таныса алады.Байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 1-15 қараша аралығында қарайды. Байқау нәтижесі «Тәуелсіздік күні» қарсаңында қорытындыланып, салтанатты марапаттау шарасы Астана қаласында өтеді.