Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкім қабылдаған: Димаш Құдайберген Түркістан облысына барды

Әкім қабылдаған: Димаш Құдайберген Түркістан облысына барды

Әкім қабылдаған: Димаш Құдайберген Түркістан облысына бардыҚазақтың мақтанышына айналған Димаш Құдайберген киелі Түркістан өңіріне барды. Әншіні облыс әкімі қабылдаған.
«Еліміздің атын әлемге шығарып жүрген өнер жұлдызын өз өңірімізде көргеніме қуаныштымын. Сіздің келуіңіз – туризмнің дамуына серпін береді. Аймақта бірнеше бастама жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі - Voice of Turan қазақ әндерін орындаушылардың халықаралық конкурсы. Биыл бесінші рет өткізгелі отырған конкурсқа 20 мемлекеттің әртістері қатыспақ»-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Өз кезегінде әнші облыс басшысына алғыс білдіріп, Түркістанға деген таңданысын жеткізді.
«Түркістанның жаңа бейнесіне көз тоймайды. Бәрі ұнады. Халықтың осындай әдемі мекенде тұрып жатқанына қуаныштымын. Түркістан – түркі әлемінің туристік орталығына айналды. Бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»-деді әнші.



15 тамыз 2024 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30