Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Құдайберген «Singer 2024» байқауында ән шырқайды

Димаш Құдайберген «Singer 2024» байқауында ән шырқайды

Димаш Құдайберген «Singer 2024» байқауында ән шырқайды Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2024» вокалдық байқауының финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Weibo басылымының хабарлауынша, «Singer 2024» финалы 26 шілдеде тікелей эфирде көрсетіледі. Байқау шарты бойынша бірінші кезеңде финалға шыққандар арнайы шақырылған әншілермен дуэтте ән шырқайды. Екінші кезеңге жолдама алған төрт әншінің ең үздігі анықталады. Айта кетейік, Димаш Құдайберген финалдың басында құрметті қонақ ретінде сахнаға шығып, «Singer 2024» қатысушысы Шанте Торрейн Мурмен бірге ән шырқайды. Бұған дейін, отандық әнші Рухия Байдүкен «Singer 2024» байқауының 8-ші кезеңінде өнер көрсетіп, келесі кезеңге өте алмаған еді. Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген «Singer 2017» байқауында жүлделі екінші орын алған еді.



25 шілде 2024 ж. 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031