Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Құдайберген 30 жасқа толды

Димаш Құдайберген 30 жасқа толды

Бүгін аты әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайбергеннің туған күні. Ол 30 жасқа толды.

Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы Құдайберген 1994 жылы 24 мамыр күні Ақтөбеде әнші Света мен Қанат Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген.

Шығармашылық жолы бала кезден басталған ол сахнада ән айтып, түрлі аспаптарды меңгеріп, түрлі байқауға қатысқан.

2015 жылы Витебскте өткен «Славян базары» халықаралық байқауында бас жүлде иеленді. Бұл байқауда ол «Дайдидау», «Метель» және «SOS d’un terrien en detresse» әндерін шырқап, көрерменнің таңдайын қақтырды.

Осы жылы ол «Жыл адамы» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Жыл әншісі» атанды.

2017 жылы ол «Hunan TV» қытайлық телеарнада өткен «I am Singer» вокалдық байқауының бесінші кезеңіне қатысты. Бұл байқауда ол екінші орын алды. Шанхайда өткен ERC Chinese Top Ten Awards музыкалық шарасында «Азиядағы ең танымал әнші» номинациясын жеңіп алды.

2023 жылы Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағымен марапатталды.
24 мамыр 2024 ж. 136 0