Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда заңсыз кафе мен сауда алаңдары бұзылды

Алматыда заңсыз кафе мен сауда алаңдары бұзылды

Алматыда заңсыз кафе мен сауда алаңдары бұзылды
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы соттың шешімімен Вильямс көшесі, 73 мекенжайындағы ірі қосымша құрылыстың бұзылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бұрын басқарма меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижесінде жобалау-сметалық құжаттаманың және сараптама қорытындысының, авторлық және техникалық қадағалаулардың болмауына байланысты әкімшілік шаралар қабылдаған. Тексеру барысында меншік иесі экономикалық әдіспен мансарда мен коммерциялық үй-жай салғаны анықталды.
"Меншік иесі жіберілген бұзушылықтарды жоюға берілген нұсқаманы орындамады және басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бұзуға талап арыз берді. Осы жылдың 7 наурызында соттың шешімімен басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды. Меншік иесі нысанды сот орындаушыларының қатысуымен өз бетінше бұзды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 45 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және т.б. толық немесе жартылай бұзылған.
15 тамыз 2024 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031