Аудандық ауруханада тегін дәрі алатындардың саны негізсіз қысқартылған

«Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 054 азаматқа 19 155 349 теңгеге 4 866 қаптама көлемінде дәрі-дәрмектер (Джардинс, Инвокана, Тражента, Форсига және т.б.) берілді. Тұрғындардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді», деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Аудандық аурухананың жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.