Он мың адамға тегін дәрі беріледі
Елімізде дәрі-дәрмекке сұраныс артып келеді. Бүгінде отандық медициналық препараттар нарығы 350 млрд. теңгеден асады. Оның үштен бір бөлігін мемлекет төлеп, науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтып отыр. Үкіметтің мұндай көмегіне кімдер жүгіне алады? Тегін дәрі алудың жолын білесіз бе?
Бізге белгілі мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда 50-ге жуық ауру түріне 400-дей дәрі-дәрмек тегін беріледі. Бұл мақсатта жыл сайын мемлекеттен 150 млрд. теңге қаржы жұмсалады. Еліміздің «Диспансерлік есепте» тұратын әрбір азаматы мен азаматшасы тегін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге құқылы. Алайда, тегін дәрі бәріне бірдей беріле бермейді. Ол үшін арнайы диспансерлік есепте тұру қажет.
Ауданаралық аурухананың бас педиатры Индира Дарібаева «Ең алдымен, дүниеге келген сәбиге медициналық дәрі қобдишасы таратылады. Одан соң 5 жасқа дейінгі балаларға жіті фарингит, бронхит, тонзиллит, жеңіл дәрежедегі пневмония, темір тапшылығы анемиясы, рахит диагноздары бойынша тегін және жеңілдікпен дәрі-дәрмек беру қарастырылған. Сонымен бірге, бір жыл бойы анасының жағдайына байланысты балаға ана сүтін алмастырушы тағам беріледі», – дейді. Ал, ересектерге аритмия, пневмония, бронх демікпесі, қант диабеті, қантсыз диабет, аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшалары протезделген науқастар, жүректің ишемиялық аурулары, артериалық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы, крон ауруы және бейспецификалы ойық жаралы колит, онкология, ағзалар мен тіндерді ауыстырғаннан кейінгі жағдай, ревматоидтық артрит, ювенильдік артрит, остеоартроз, гипотиреоз, гипопаратиреоз, иреотоксикоз, акромегалия, В және С вирустық гепатиті, кистозды фиброз (Муковисцидоз), реналдық анемия мен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі, аутоиммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайы, шашыранды склероз, онкология ауруымен диспансерлік есепте тұрған науқастарға тегін дәрі үлестіріледі. Тегін дәрі-дәрмектерді алуға арналған рецептіні учаскелік немесе мамандандырылған дәрігер нұсқау бойынша береді. Арнайы форманы толтыру үшін пациенттің жеке құжаты керек. Дәрі-дәрмектер мемлекет есебінен нақты рецепт бойынша белгілі дәріханада беріледі. Қазіргі таңда аудандық емханада он бес мың науқас түрлі аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрса, оның он мыңына тегін дәрі қарастырылған. Өткен жылғы қорытынды бойынша ауданда 54648 дәрі-дәрмек рецепт бойынша босатылған. Бұл 390 млн. теңгеге жуық қаржыны құрайды. Жалпы, өңірде тегін дәрілер «Мөлдір и К» толық серіктестігі арқылы босатылады.
Жаһанданудың үлгісі десек те болар, бүгінде елімізде дәрілік заттармен қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылған. Облыс орталықтарында рецептісіз дәріхана қызметкері төлқұжат арқылы арнайы жүйеден қарап, тұтынушыға қандай дәрі тегін берілуге тиіс екенін айта алады. Өткен жылдан бстап медициналық сақтандыру жүйесі аясында азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тегін берілетін дәрі-дәрмек көлемі ұлғайған.
Гүлхан ЯХИЯ.