Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?
Жасыратыны жоқ, елімізде, оның ішінде ауданда тегін дәрі-дәрмек алуға мұқтаж жандар жетерлік. Әйтсе де, сол тегін дәрі-дәрмек кімге және қалай беріледі? Алдымен осының аражігін ашып алсақ. Аталған сұрақ жауаптарын алу үшін аудандық емхананың привазор маманы Жәмила Биманованы сөзге тарттық.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оның ішінде белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың тізбесі бекітілген. Ол үш бөліктен тұрады. Біріншісі, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар. Екіншісі, ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі дәрілік заттар. Үшіншісі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған амбулаториялық деңгейде МӘМС шеңберіндегі дәрілік заттар мен бұйымдар.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оның ішінде белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың тізбесі бекітілген. Ол үш бөліктен тұрады. Біріншісі, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар. Екіншісі, ересектерге арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі дәрілік заттар. Үшіншісі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған амбулаториялық деңгейде МӘМС шеңберіндегі дәрілік заттар мен бұйымдар.
– Амбулаториялық деңгейде тегін рецепт алу үшін науқас емханада тіркеліп, бірден дәрі-дәрмек алуға мүмкіндік алады. Яғни ақпарат тіркеу реестрінде болуы қажет. Аудан бойынша 2021 жылы «СК Фармация» ЖШС арқылы 17 мыңдай диспансерлік есепте тұратын науқасқа 68820 рецепт жазылып, 487 926 883,51 теңгенің дәрілік заттары босатылды. 2021 жылы «АЛО» бағдарламасымен тегін дәрі-дәрмектер ай-айға бөлініп, диспансерлік есепте тұратын науқастарға рецепт арқылы үлестірілді. Ал, биыл дәрі-дәрмектің босатылу тәртібі «СК Фармация» ЖШС-нің рецептісімен «ИСЛО» бағдарламасы негізінде тарқатылуда, – дейді маман Жәмила Биманова.
Мәселен, Қазақстан Республикасының азаматы қандай да бір ауруға шалдыққан жағдайда, бірден өзі тіркелген емханаға қаралады. Тиісті анализдер тапсырып, диагнозы расталған соң, диспансерлік есепке тұрады. Сонан кейін емдеуші дәрігер науқасқа дәрілік рецепт жазып береді. Алайда науқасқа жоғарыда аталғандай, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен «Тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемі» шеңберінде арнайы тізімдегі дәрі-дәрмектер ғана тегін беріледі.
Провизор маман ақысыз берілетін дәрілер қандай ауру түрлеріне берілетінін атап өтті. Амбулаториялық деңгейде тегін дәрімен ҚР ДСМ-нің №75 05 тамыз 2021 жылы бұйырығына сәйкес қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте, қант диабеті, жүректің ишемиялық аурулары, артериялық гипертензия, созылмалы борнхит, өкепенің созылмалы аурулары, гепатит, ересектер тобының тізімінде көрсетілген психикалық жүйке аурулары, бүйректің созылмалы жетіспеушілігіне, онкологиялық қатерлі ісік ауруларына, бауырдың гепатит созылмалы В, С түрлеріне, өкпенің демікпе науқасына, Ковид-19, неврологиялық ауру түрлеріне шалдыққандар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Ал дүниеге келген әрбір сәбиге медициналық дәрі қобдишасы тегін берілсе, 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС арқылы министрліктің №77 бұйрығына сай амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар тегін беріледі. Жүктілік кезеңіндегі созылмалы қан жетіспеушілігіне байланысты ауру түрлеріне де тегін дәрі-дәрмек қаралған.
Қазіргідей дәрі бағасы шарықтаған уақытта емханалар тарапынан берілетін тегін дәрілер талай жанға көмек. Мәселен, аудан тұрғыны Гүлжаһан Ақылбекова қан қысымына байланысты тегін дәріні тұрақты түрде алып келетіндердің бірі.
– Емханадан 2012 жылдан бері тегін дәрілер алып отырамын. Бұл – мемлекеттің жеңілдігі. Сол үшін алғысымды жеткізгім келеді, – дейді ол.
«СК-Фармация» сайтының арнайы құрылған бөлімінде емделушілер бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайымен және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша қалай алуы керегі туралы қажетті мәлімет таба алады. Сайтта емделушілер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектің бар-жоғымен қоса, өзге де қажетті ақпараттарды алу үшін шұғыл байланыс телефоны орнатылған. Жалпы тегін дәрі-дәрмектің қолға тегін тигенін үнемі қадағалап отыру міндет. Мемлекеттен бөлінген қаржы халықтың тегін емделуіне бағытталған. Ал ел тұрғындарына Үкімет тарапынан берілген жеңілдік толығымен қадағалануы тиіс.
Шапағат ТІЛЕУБАЙ