Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоспарлы госпитализацияға дайындық рәсімдері жеңілдетілді

Жоспарлы госпитализацияға дайындық рәсімдері жеңілдетілді

Жоспарлы госпитализацияға дайындық рәсімдері жеңілдетілдіЕмханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, жаңа стандартқа сәйкес жалпы тізімде стационарлық жағдайда соматикалық бейіндегі науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталған.
Сондай-ақ бірқатар зертханалық аспаптық зерттеулер нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылған. Бұл госпитализацияға дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға септігін тигізетіні атап өтілді. Осылайша, диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған. Ол өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.
15 тамыз 2024 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30