Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ қазақстандықтарға жеке куәлікті ауыстыру туралы ескертті

ІІМ қазақстандықтарға жеке куәлікті ауыстыру туралы ескертті

Қазақстанда жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжат азаматтарға 2009 жылдан бастап беріліп келеді. Оның жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталатындықтан, ҚР ІІМ жеке куәлікті уақытылы ауыстыру туралы ескертті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Халықаралық стандарттарға сәйкес, ақпаратты электронды тасымалдаушы (чипі бар) жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжаттың жарамдылық мерзімі 10 жылды құрайды. Яғни 2009 жылы жеке куәлік алған азаматтар үшін құжаттың жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталады.
Құжатты еліміздегі кез-келген ХҚКО-да рәсімдеуге болады.
Сонымен қатар ескі үлгідегі құжатты жаңа түріне ХҚКО-ға бармай-ақ алмастыруға  болады. Ол  үшін электронды үкімет порталы арқылы сұрау жіберу жеткілікті. Азамат электронды сауалхатпен бірге өзінің 3,5х4,5 см. цифрлі фотосуреті мен жеке қолын сканерленген графикалық файл түрінде жолдауы тиіс.
Қолайлылық үшін бұрынғы  құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына дейін бір ай қалғанда аталған құжаттарды рәсімдеуге болады.
Stan.kz












12 желтоқсан 2018 ж. 1 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930