Алматылық дәрігерлер Уфадан келген жігіттің өмірін сақтап қалды
Ресейлік азамат бассейнге сүңгу кезінде омыртқасын сындырған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. Науқас орталық қалалық клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, диагноз өте күрделі болған.
Бұл араласу жұлынның қысылуын және лезде өлімге әкелуі мүмкін асқынудың алдын алуға көмектеседі. Ота сәтті өтті және науқасқа ұзақ уақыт бойы корсет киюдің қажеті жоқ. Бір айдан кейін ол өзінің қалыпты өмірі мен жұмысына орала алады, - дейді нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматов.
Егер уақтылы және кәсіби медициналық араласу болмаса, сүйек сынықтарын біріктіру процесі сүйек тінінің баяу қалпына келуіне байланысты бір жарым жылға созылуы мүмкін еді. Сынықтардың ығысуы өлімге әкелуі мүмкін.
Өз кезегінде жас жігіт дәрігерлерге кәсібилігі үшін алғысын білдірді.
Мен Қазақстанға іссапармен келдім. Демалыс күндері достарыммен бірге бассейнге бардық. Сәтсіз секіріп, басым бассейннің түбіне тиді. Жедел жәрдем мені тез-ақ өз ісінің мамандарына жеткізді. Туыстарым Дубайға арнайы бортқа тапсырыс беріп, халықаралық сақтандыруды қосқысы келді, бірақ тұрақсыз сыну қаупіне байланысты дәрігерлер отаны осы жерде жасау керек деп шешті. Мен осы аурухананың дәрігерлерінің қолында болғаныма қуаныштымын. Олардың кәсібилігі үшін көп рахмет. Қазір мен оңалтудан өтіп жатырмын, менде бәрі жақсы, - дейді науқас.