Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түрікменстан Президенті Астанаға келді

Түрікменстан Президенті Астанаға келді

Түрікменстан Президенті Астанаға келдіТүрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады. Түрікменстан басшысын Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Түрікменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Мәселен, 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өсіп, тек соңғы жылдың өзінде 28%-ға артты. Биылғы 6 айда тауар айналымы $237,2 млн-ды құрады.
Бүгінгі таңда ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары – газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын «Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы» жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ұзындығы 165 шақырым «Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы» автожол учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталуда.


09 тамыз 2024 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30