Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақ пойыз жүргізушілері елордада білім ала алады

Болашақ пойыз жүргізушілері елордада білім ала алады

Еліміздің оңтүстігіне пойыз жүргізушілерін елордада даярлайтын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оңтүстік өңірдің локомотив бригадаларының кәсіби деңгейін көтеру және құзыреттерін кеңейту үшін елордалық оқу орталығында болашақ машинистерді даярлап, олардың біліктілігін арттыратын болады. Бұл мамандардың жұмысына жоғары талаптар қойылады, сондықтан локомотив бригадаларын оқыту міндетті және үздіксіз процесс болып табылады. Астана оқу орталығында локомотив кабинасының толық ауқымды тренажер-симуляторларын қоса алғанда, заманауи білім беру технологиялары қолданылады, бұл практикалық оқытуды жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасына дәрістер мен практикалық сабақтар курсы кіреді. Сабақты локомотив пайдалану депосының тәжірибелі машинист-нұсқаушылары өткізеді. Сондай-ақ, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар қалаларының оқу орталықтарында машинистерді даярлайды және олардың біліктілігін арттырады.
 
01 тамыз 2024 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930