Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағанды локомотив пайдалану депосына 85 жыл толды

Қарағанды локомотив пайдалану депосына 85 жыл толды


Астана, BAQ.KZ. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – «Қарағанды локомотив пайдалану депосы» филиалының ұжымы кәсіпорынның торқалы мерейтойын атап өтті. Оның құрылғанына 85 жыл толып отыр.

Осы мереке құрметіне депода салтанатты жиын болып өтті. Оған құрметті теміржолшылар, кәсіпорын құрылуының бастауында болған ардагерлер қатысты.
Паровоздарды жөндеуге арналған үш жырасы бар жуу цехынан бастап қуатты заманауи кәсіпорынға дейін – депоның тарихы осындай.
Алғашқы Э сериялы паровоздар 1934 жылы пайда болды. Олар Қарағанды–Анар, Қарағанды–Угольная учаскелеріне қызмет көрсетті.
Депоның алғашқы басшысы К.Лисецкий болған. Ал кәсіпорын құрылуының бастауында қазандық цехының шебері Л.Чугунов, алғышқы токарь Г.Кокорин, паровоздар машинистері И.Духновский, Д.Романов, Я.Брагарь, У.Абдықов және С.Армиянов тұрды.
«Локомотив депосы құрылуының бастауы кезеңі – Қазақстан темір жолы тарихының жеке парақшасы. Жүздеген, мыңдаған адамның теміржолшы мамандығын игеруі кәсібі ғана емес, тағдыры да болып кетті», дейді депо басшысы Марат Ыбраев.
Паровоздарды жылдамдатылған тәсілмен жөндеуден шығару Ұлы Отан соғысы кезінде айтарлықтай ауырлық туғызды.
Соғыстан кейінгі жылдар депо әлеуетінің артуы және өндірістің өсу кезеңі еді. Жаңа техникалар түсе бастады. 1966 жылдары 13 дизелдік пойыз жеткізілді. Ал 1965 жылдың сәуірінен Қарағанды-Целиноград учаскесінде электр пойыздарымен қызмет көрсетіле бастады. «Астана-Алматы» жүрдек экспресі, «Тұлпар-Тальго» пойызы сондай-ақ Қарағанды локомотив пайдалану депосының локомотив бригадаларымен іске қосылды.
Депода бір жарым мың адам жұмыс істесе, соның 1,2 мыңы – локомотивтік бригадалары. Жүк тасымалы көлемі үлкен, өйткені Қарағандыда еліміз өндірісі нысандарының айтарлықтай бөлігі шоғырланған.

Baq.kz
12 желтоқсан 2018 ж. 1 186 0