«Қан тапсыр – өмір сыйла!»

Шараға Департаменттің, Шиелі ауданының әкімі аппаратының, аудандық дербес бөлімдердің, ауылдық округі әкімі аппараттарының және аудандық мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құрылған «Еріктілер кеңесінің» мүшелері қатысып, қан қорын көбейтудегі игі бастамаға өз үлестерін қосты.
Өзгелерге өмір сүруге мүмкіндік беретін жақсылық жасау жолында донор болуға ниеттілер толықтай медициналық тексеру мен дәрігердің ұсынысы бойынша алдын ала дайындықтардан өткізіліп, өзге азаматтарды осындай игі іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.