Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды.

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды


Өтінімдер қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.
Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
Тамыз айындағы ҰБТ-ға осы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар), шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады.
20 шілде 2024 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031