Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жайлы мектеп» – жауапкершілігі жоғары жоба

«Жайлы мектеп» – жауапкершілігі жоғары жоба

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Аймақ басшысы Президент тапсырмасымен жүзеге асырылатын ұлттық жобаны мерзімінде аяқтаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.


– Мектептерді сапалы етіп салып, дер уақытында аяқтау – бәрімізге ортақ абырой. Бұл білім ошақтарының пайдалануға берілуін халық асыға күтуде. Сол жағалаудағы 900 орындық, Арал қаласындағы және Жаңақорған кентіндегі 600 орындық мектептерді 1 қыркүйекке дейін оқушылар игілігіне беруіміз қажет. Қалған 7 мектепті қараша айына дейін салып бітіру – біздің басты міндетіміз, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиында жауапты тұлғалар мен мердігер мекеме басшылары құрылыс барысын баяндады. Облыс әкімі барлық жұмыс бекітілген кестеге сай әрі сапалы жүргізілуі тиіс екенін ескертті.
Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Өткен жылы 6900 орындық 10 мектеп құрылысы басталса, биыл 5400 орындық 11 мектеп құрылысы басталады деп күтілуде. Қызылорда облысының әкімдігі мектептерге инфрақұрылым жеткізуге жергілікті бюджеттен 118,4 млн теңге бөліп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Сараптама қорытындысы алынды. Инфрақұрылым жүргізуге жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлініп,  7 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі
16 шілде 2024 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031