Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » “ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы, су тасқыны бойынша ахуал қаралды. Сала басшылары мен өңір әкімдері атқарылған жұмыстарды баяндады.
Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, берілген тапсырмалар бойынша алдағы жұмыс бағыттарын нақтылады.
«Үкімет басшысы Олжас Абайұлы мектептер құрылысын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Биыл тапсырылатын 10 мектептің мердігері анықталып, 9-ның құрылысы қарқын алды, 1 мектеп бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы кеш шығуына байланысты жақын күндері басталмақ. Инфрақұрылым жеткізуге жергілікті бюджеттен 118,4 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді, 9-на сараптама қорытындысы алынды, 1-еуі аяқталу сатысында. Инженерлік желілер жүргізуге облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлініп, бүгінгі күні мердігер мекемелер анықталды. Жобаны үйлестіруші «Самұрық-Қазына Констракшн» акционерлік қоғамы өкілдерімен бірлескен жол картасына сәйкес жұмыс жүргізілуде», – деді аймақ басшысы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына мердігер мекеме басшыларымен тығыз жұмыс жасау тапсырылды. Былтыр басталған 10 мектеп биылғы 1 қыркүйекте пайдалануға берілуі және сыртқы инженерлік инфрақұрылым жүргізу алдағы маусым айының соңына дейін аяқталуы керек. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері осы жылдың 1 тамызына дейін мектептер аумағын жол-көлік желілерімен, жарықтандыру, абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолдарымен және аялдамалармен қамтамасыз етуі тиіс.
Айта кетейік, биыл 6900 орынға арналған 10 мектеп, 2025 жылы 5400 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Өткен аптада «Самұрық-Қазына Констракшн» акционерлік қоғамы басшыларының Қызылорда облысына іссапары кезінде арнайы мәжіліс өткізіліп, ұлттық жобаны өңірде асырудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

20 ақпан 2024 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031