Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ қызметкерлері арасындағы шағын футболдан облыстық турнир өтті

БАҚ қызметкерлері арасындағы шағын футболдан облыстық турнир өтті

Қамбаш көлінің жағасында БАҚ қызметкерлері арасындағы шағын футболдан облыстық турнир өтті. Жағажайдағы тартысты доп додасына Сыр журналистикасының кәсіби мамандары мен осы салада еңбек ететін азаматтар қатысты. 

Спорттық шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов, "Сыр медиа" ЖШС-нің бас директоры М.Аралбаев сөз сөйлеп, жүлдегерлерді марапаттады.
Нәтижесінде тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды "Меншікті тілшілер" командасы иеленсе, ІІ орын "Қызылорда телеарнасы" командасына бұйырды. Ал ІІІ орынға "Сыр медиа" командасы лайық деп танылды. Осы турнирге белсене қатысқаны үшін "Толқын газеті" командасы ынталандыру сыйлығына ие болды.
Турнир барысында ерекше ойынымен көзге түсіп, жарысты тартысты ете түскен ойыншыларға түрлі номинациялар табысталды.
Осылайша жағжайдағы шағын футбол журналистердің достық байланысын нығайта түсті. Жарыс жеңімпаздарына арнайы марапаттар табысталып, командаларға сертификаттар берілді.

1.jpg
15 шілде 2024 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30