Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туризмнің дамуына мол мүмкіндік

Туризмнің дамуына мол мүмкіндік

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында ұйымның шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылғаны айтылды. Оның ішінде, негізгі бағыт ынтымақтастықты арттыра отырып, экономикалық өсудің өрісін кеңейтуге бағытталған. Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы және басқа да құжаттар бар. Соның ішінде туризм саласына берілген басымдық ел бюджетін еселеуге тиімді тетік болғалы тұр.

– «ШЫҰ форматын» барынша тартымды ететін бірқатар маңызды жоба іске қосылды. Олардың қатарында «ШЫҰ елдерінің рухани киелі орындары» жобасы мен «ШЫҰ Жібек жолы» бірінші халықаралық музыка фестивалі бар. Сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін 10 туристік аумақ анықталды. Алматы қаласы ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасына айналды, – деді Мемлекет басшысы.
Демек, туризм саласына да серпіліс пайда болды. Бұл Алматы шаһарының сұлу табиғатын екінші бір қырынан әлем елдеріне көрсетуге мол мүмкіндік туғызып отыр деген сөз. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аудандағы туристік аймақтарды айшықтап, дамытудың жолын жүйелеу керекпіз. Қалғанын уақыт көрсетеді...

Әлібек Жарықбаев


04 шілде 2024 ж. 201 0