Шанхай ынтымақтастық ұйымына енді Қытай төрағалық етеді
4 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде баяндады. Ол ШЫҰ-ға барлық қатысушылардың белсенді қолдауының арқасында Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде түрлі деңгейдегі 150-ге жуық іс-шара өткізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Келісімшарттық база 60 жаңа құжатпен толықтырылды, оның ішінде Есірткіге қарсы стратегия, Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім және энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы, Инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Ұлттық валютада есеп айырысуға көшу үдерісі қарқын алды», деді Мемлекет басшысы. Астана қауымдастығы декларациясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2025 жылы Қытайда өтетіні айтылған.