ТӨРТІНШІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
«Мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай». Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баяндаған осы бір сөздердің сүбелі салмағы бар. Расында, Мемлекет басшысының сындарлы саясатын насихаттаумен қатар қоғамдағы түйткілді тақырыптарды қаузауда, кез келген өңірдің экономикалық ахуалы мен әлеуметтің әлеуетін көрсетуде бұқаралық ақпарат құралдарының үлесі зор. Ал қазіргі таңда баспасөзге деген сұраныс еселеніп, оның мәні мен маңызы артып келеді. Атап өтейік, 19 маусымда Президент Қ.Тоқаев «Масс-медиа туралы» Заңға қол қойды. Заңда «журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым бар. Бұл халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған ақпарат майталмандарының маңдай тері елеусіз қалмай, лауазымының жоғарылай түсуіне сеп болмақ.
Мылтықсыз майдан жүріп жатқан қазіргі күні «ақпарат кімнің қолында болса, сол әлемді билейтіні» жалған емес. Бұл тұста төртінші билікті тізгіндегендердің қоғамға ғана емес, күллі ғаламға орасан ықпалы бар. Болған жағдайды қалт жібермей, оқырманын барлық саладан жан-жақты хабардар етіп отыратын БАҚ қызметкерлерінің жүйелі жұмысы көрінетіншақ та – нақ осы сәт. Бүгінде Шиелі ауданында өңір жаңалықтарын қамтып, ондағы ахуалды ауқымдап отыратын 2 мерзімді басылым жұмыс істейді. Оның бірі – ата басылым, 85 жылдық тарихты қойнауына бүккен «Өскен өңір» газеті болса, тағы бірі – 10 жыл бойы тұрғындар игілігіне тұшымды тірлік етіп келе жатқан аймақтық «Шарайна-Сейхун» газеті. Бұл ақпарат құралдарының аудан ғұмырының айнасы, рухани шамшырағына айналғаны баршаға белгілі. Ал үнемі ізденіс үстінде жүретін тілшілер қауымының қаламы қарымды, ойы жүйрік. Олар халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысын таныстыруда қаймыққан емес. Қазірде тағылымы мол рухани шығармаларды төл газеттің бетіне сыйдырып жүрген журналистердің қалам тербемеген тақырыбы жоқ. Ендеше, ел еншісіне бағытталған ерен еңбек елеуге тұрарлық, мамандар мәртебенің бәріне лайық.
2019 жылдан бері еліміз 28 маусым – БАҚ қызметкерлері күнін дәстүрлі түрде атап өтеді. Биыл бұл мерейлі мереке біздің ауданда ерекше тойланды. Тілшілік тіршілікте жүріп қарымды қалам қасиетімен құрметке бөлендік. Алғыс тиегі ағытылған күндерден ақпарат берелік.
Қаламгерлер тастаяқ турнирінде бақ сынады
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мен «Өскен өңір» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Арман асуы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен журналистер арасында бильярдтан ашық турнир өтті. Баспасөз саласының өкілдері қызмет барысынан бір сәт ойларын бөліп, тартысты сайыста бақ сынады. Ой ұшқырлығын көрсететін ойынға біркісідей жұмылған олар турнир барысында аянып қалған жоқ. Бірнеше сағатқа созылған бильярд жарысынан соң жүйріктер анықталып, жеңіс тұғырынан бой көрсетті. Нәтижесінде, жүлделі III орынды «Өскен өңір» газетінің бас маманы Абылайхан Сақтағанов, II орынды «Өскен өңір» газетінің фототілшісі Бақытжан Бәйімбет, ал I орынды «Шарайна-Сейхун» газетінің пошта таратушысы Нұрлан Қарашаев иеленді. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен ақшалай сыйақы табысталды. Сондай-ақ спорттық сайысқа қатысып, белсенділік танытқаны үшін бірқатар қызметкерлер Алғыс хатпен марапатталды.
Ойын соңында аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев сайыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, үздік ойын өрнегін көрсеткен қаламгер қауымға алғысын білдірді. Жағымды жарыстар әрі қарай жүйесін табады деген сенім бар.
Марапат мінберінде – ақпарат алыптары
Халықтың арман-тілегін арқалап, сенімге селкеу түсірмеген ақпарат майталмандарына деген құрмет жұма күні аудандық Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде жалғасты. Жер-жерге үздіксіз хабар тарататын тілшілер қауымы кәсіби мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Айтулы жиынға жиналғандардың қарасы көп. Әрқайсысы «халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналған барша БАҚ өкілдеріне тілеулес. Салтанатты шараның шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов алғыс сөзбен ашып беріп, ардагер журналистер мен сала қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.
– Бүгінде алтын қалам иелері азаматтық қоғамның құрамдас бөлігі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен мол жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Алты Алаш астанасында, әр қала мен ауданда ондағы жаңа бастамалар, жарқын істер мен тосын оқиғалардан тілшілеріміз ешқашан тыс қалған емес. Жақсылықтың жаршысы, жаңашылдықтың хабаршысы болып, қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша мамандықтың иелеріне құрмет те, қасиет те ортақ.
Биыл Сыр өңірінің шежіресін тасқа таңба басқандай бағамдап, оқырман жүрегінен орын ала білген аймақтық «Сыр бойы» газеті 95 жылдық, ауданның төл басылымы «Өскен өңір» газеті 85 жылдық, жас болса да, талай тындырымды тірліктер мен оқиғалардың куәсі болып, оқырманға дер кезінде жеткізе білген «Шарайна-Сейхун» газеті 10 жылдық торқалы тойын тойлау үстінде.

Ұшқыр қалам иелері, мереке құтты болсын! Жазылымдарыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын дей келе, сіздерге шығармашылық табыс пен отбасыларыңыздың амандығын тілейміз! – деді ол.
Бұдан соң басылым ұясынан түлеп ұшқан ардагер қаламгерлер мен өңірдің өркенді істері мен айшықты сәттерін бұқараға насихаттап жүрген бірқатар БАҚ өкілдері марапат төрінен көрінді. Олардың қатарында «Өскен өңір» газетінің ардагерлері – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Өркен Исмаил, Айнагүл Байдәулетова, Сәуле Алдажұманова, облыстық «Кызылординские вести» газетінің меншікті тілшісі Мақсұт Ибрашев, «Өскен өңір» газеті бас редакторының орынбасары Гүлнәр Дүйсебай, бас маман Абылайхан Сақтағанов, баспасөз маманы Күләш Мырзаева, фототілші Бақытжан Бәйімбет, менеджер Эльвира Ахметова, техникалық қызметкер Гүлнәр Нұрекеева, тілші Сұлушаш Мадиярова мен жас тілшілер Мейіржан Ибрагимов, Айнұр Ибрашева, Таслима Әлішер бар. Сондай-ақ «Шарайна-Сейхун» газетінің тілшісі Ғазиза Азатқызы, менеджер Наурызбай Нұрмаханұлы да құрмет құшағынан табылды. Мерейлі күні қалам ұстаған қаламгерлердің мәртебесі осылайша тасыды.
Төл мерекеде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил тілшілерге тілегін арнап, жүрекжарды өлеңін оқып берді.
– «Газет – бір күндік болса, оның сөзі – мың күндік» деген түсінік бар. Ауданның өсіп-өркендеуінде, экономикасы мен мәдениетінің дамуында «Өскен өңір» газетінің орны ерекше. Басылым 85 жыл бойы өңірмен бірге жасасып келеді. Оның төл тарихы, тағылымды тұлғалар есімінің бәрі де осы басылым арқылы халыққа жеткізіліп келді. Қазіргі таңда ауданда 2 бірдей басылым елге қызмет етуде. Аталған редакция ұжымдарын бүгінгі төл мерекемен құттықтаймын. Шабыттарыңыз сарқылмай, жүйелі жұмыс атқара берулеріңізге тілектеспін! – деді ата басылымның ардагері.
Көрермендер шара барысында мәдениет үйі қызметкерлерінің өнеріне қанық болды. Сахна төрінде шырқалған әндердің қатарында Өркен Әзімханұлының «Өскен өңірім» туындысы да бар. Бұдан бөлек Әлмырза Ноғайбаев қара домбырамен «Айхай 25»-ті орындап, дүйім жұртты өзіне қаратса, әріптесіміз Мейіржан Ибрагимов те қонақтарға ән арнап, қошеметке бөленді. Кеш соңы «Өскен өңірліктердің» тосынсыйына ұласып, «Мақтау айтсаң, жарасатын. Шыға берсін жаңаша атың. Құтты болсын 85!» деген нотада қорытындыланды.
Таслима ӘЛІШЕР