"ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР" АУДАНДЫҚ ЖЫР МҮШАЙРАСЫ

Дүбірлі додаға қолына қалам ұстап, сөз өнерін серік еткен жазба ақындар қатысты. Мүшәйраға Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы, Шиелі аудандық оқушылар үйі директорының орынбасары, ақын, жыршы, жырау Жолтаев Рахматулла Әбутәліпұлы, Арман мәдениет үйінің әдіскері Отарбаева Жадыра Камалқызы қазылық жасады.
Байқау нәтижесінің қорытындысы бойынша I орын Әмірхан Елдар Сейітханұлы, II орын Құрмашева Әйгерім Батырбекқызы, III орын Дильназ Қыдырбаева иемденді.
Ибрашева Айнұр Мақсұтқызы Бөлебаевтардың отбасылық қаржылай сыйлығымен марапатталды.
Қалған қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар берілді.